23.06.2025

Милад Карими Әлем Кубогінің кезеңдерін 6 алтын медальмен тамамдады!

Спорттық гимнастика бөлімінің спортшысы, 25 жастағы Милад Карими өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді! Каирде өткен шешуші Әлем Кубогының кезеңінде ерекше қарқын көрсетіп, жеңіс биігін бағындырды.Осы маусымдағы жетістіктері: Коттбус – 1 алтын Осиек – 1 алтын Доха – 2 алтын Каир – 2 алтын Бұған дейін мансабында небәрі 3 алтын алған Милад биылғы маусымда 6 алтын иеленіп, өз рекордын бірнеше есе жаңартты! Бұл – қажырлы еңбектің, шынайы сенімнің және табандылықтың жеңісі!