Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында дзюдо бөлімінің спортшысы Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болды.Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Тынбаева Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.
