Спортшымыз Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті.
Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесті. Нәтижесінде Нұрқожа Қайпанов 2:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Нұрқожа өткен жылы олимпиадалық емес салмақта (70 келі) әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.