23 қаңтарда Астанада алғаш рет күміс деңгейлі жабық ғимаратта Astana Meeting World тур өтті. Қазақстан ТМД елдері арасында мұндай деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырған бірінші мемлекет. Оған 100-ге жуық спортшы қатысты. Бүгін алғаш рет өтіп жатқан Astana Silver Grand Prix Meeting турниріне қатысу үшін он бес елдің спортшылары Астанаға арнайы келді. Қазақстан Республикасы биыл АҚШ, Германия, Франция, Сербия, Словакия, Чехиямен бірге жеңіл атлетика сериясының күміс деңгейін ұйымдастырушылар құрамында. Біздің спортшылар MT ASTANA MEETING WORLD INDOOR TOUR-ға да қатысты. Әйелдер арасында биікке секіру: Кристина Овчинникова (189 см) – 2 орын Алексей Гусаров (8:27.10) – ерлер арасында 3000 метрге жүгіруден 3 орынды иеленді.
