Германияның Кёльн қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Биылғы Әлем кубогы осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан, Австрия, Австралия, Бельгия, Германия, Куба, Моңғолия, Франция, Украина, Дания мен Микронезияның былғары қолғап шеберлері қатысты. Барлығы — 90 ер адам, 37 әйел. Бұл сынға бірнеше тәжірибелі боксшымен қатар жастар да күш сынға түсті. Сондай-ақ жарыста сапортшыларымыз әйелдер арасында Сақыш Анель 3 орын, ерлер арасында Аширов Ильяр 3 орынды иеленді.
Жаттықтырушыларымыз бен спортшылармызды құттықтаймыз шын жүректен!
