Қостанай қаласында ауыр атлетикадан 27 мен 29 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыс күш қолданылатын спорт түрлері академиясында өткізілді. ҚРЧ жеке-командалық турнир мәртебесіне ие. Соңғы күні 89, 96, 102, 109 және 109 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі ерлер қатысты. Сол орайда мектебіміздің спортшылары: 1. Сейтқазы Әлішер 🥇1 орын, 2. Қанашева Ақтоты 🥈2 орын, 3. Рахымберді Әлібек 🥈 2 орын, 4. Қасеналы Нұрай 🥈2 орын, 5. Мухамедалиева Наиля 🥉3 орынды иеленді. Барша спортшыларымызды және жаттықтырушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
