Қостанай қаласында 15-24 маусым аралығында VII халық спорты ойындары өтті.
4 жылда бір ұйымдастырылатын Халық ойындарының шеруіне 14 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладан келген 1400-ден астам спортшы қатысты.
Әр өңірден келген 200-ге жуық төрешілер құрамы және 9 спорт түрлері бойынша спортшылар сынға түсті олар: шағын футбол, баскетбол (3х3), волейбол (ерлер, әйелдер), үстел теннисі, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, гір спорты мен қол күресі. Халық ойындарының жабылу салтанатына мектебіміздің басшысы Сағат Қадырұлы қатысты.
Қостанай қаласы командалық есеп бойынша 218 ұпаймен 1 орын, Алматы қаласы командалық есеп бойынша 217 ұпаймен 2 орынды иеленді.БАРША СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
