26.06.2025

Бүгін Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде басшымыз Сырлыбаев Сағат Қадырұлының бастауымен 1 наурыз алғыс айту күніне орай керемет іс-шара өткізілді!

Шараның жалпы мақсаты жетекші спортшыларымыздың ата-анасына және мектебіміздің іргетасын қалап, еңбектері сіңген құрметті ардагерлерімізге алғыс айту. Алғыс айтып қана қоймай дастархан жайып, сыйлықтарымызды табыс етіп, шапан жауып сый-құрметімізді көрсеттік! Барша халықты осындай айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, отбастарыңызға бақ орнасын, ырыс-несібе үйлеріңізден кетпесін, ұл-қыздарыңыз аман болсын, абыройларыңыз асқақтай берсін!